Мектепке дейінгі мекемеге балалары келмейтін ата-аналарға
Құрметті ата-аналар! КМҚК «Айсұлтан-2015" бөбекжайында мектепке дейінгі мекемеге балалары келмейтін ата-аналарға арналған Консультациялық кеңес пункті ашылды. Егер Сіздің балаңыз балабақшаға келмейді, бірақ Сізде баланы тәрбиелеу мен оқытуға, баланы дамытуға, баланың денсаулығын нығайтуға қажетті сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз балабақша басшысынан, әдіскерден, психологтан, медбикеден балабақшаның Консультациялық пункітінен кеңестер мен практикалық көмек алуыңызға болады.